Кәсіпкер Ануарбек Джексенгалиев 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді.
ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, оның қылмыстық кірісінің көлемі 4,3 млрд теңгені құраған. Заңсыз активтерді заңдастыру схемасын қатар жүргізілген қаржылық тергеу арқылы анықтау мүмкін болды.
«Джексенгалиев мемлекеттік бюджеттен 1,1 млрд теңгені жымқырып, оны бақылауындағы, жалған құрылған кәсіпорындардың шоттарына аударудың күрделі схемалары арқылы заңдастырғаны анықталды. Сонымен қатар, ол қаражатты алу және оны шетел валютасына айырбастау бойынша қаржылық операцияларды жүргізген», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, ол жымқырылған ақша қаражатын жылыстату үшін жылжымайтын мүлікпен мәмілелер жасаған.
«Қылмыстық кірістерді заңдастыру және жылыстату 2019-2022 жылдар аралығында жеке меншік иелерінен жер учаскелерін сатып алу, оларды құрылыс компанияларына беру және пайдалануға берілген пәтерлерден сыйақы алу жолымен жүзеге асырылған», - деп хабарлады ҚМА.
Джексенгалиевтің мемлекет кірісіне тәркіленген мүлкінің сомасы 4,7 млрд теңгені құрағаны белгілі болды.
Еске салайық, бұған дейін сот Ануарбек Джексенгалиевтен G-Park құрылыс компаниясының басшысы Ғабит Сатмағамбетовке тиесілі бау-бақша учаскелері меншік иелерінің тұтыну кооперативіндегі (БӨТК) «Труд-2», меншік иелерінің тұтыну кооперативіндегі (МТК) «Дружба-2», сондай-ақ «Родничок» және «Рябинушка» бау-бақша серіктестіктеріндегі 46 жер учаскесін тәркілеген болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции