Skip to main content

BI Group су зардап шеккен аймақтардағы тұрғын үйді қалпына келтіруге 5 млрд бөлді

Submitted by Вера Александрова on

Қазақстанның ірі құрылыс салушысы «BI Group» судан зардап шеккен аймақтардағы тұрғын үйді қалпына келтіруге қосымша 5 млрд теңге бөлді. 

Холдинг акционері Айдын Рахимбаевтың айтуынша, су тасқынының алғашқы күндерінен бастап «BI Group» апатқа үн қосып, аймақтардың шұғыл қажеттіліктеріне 500 млн теңге аударып қана қоймай, жергілікті билікке құрылыс және арнайы техниканы, адам ресурстарын берді.

«Апаттың, оның ішінде жаңа қалалардың су астында қалуының және тасқын салдарының өсіп келе жатқан ауқымын ескере отырып, біз қаржылай көмекті одан да ауқымды етіп, оны 5 млрд теңгеге дейін ұлғайту туралы шешім қабылдадық», - деп атап өтті Рахимбаев.

Естеріңізге сала кетейік, су тасқыны жағдайы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында. Ол бизнес өкілдерін осы жауапты сәтте шет қалмай, зардап шеккендерге көмек қолын созуға шақырды.