Skip to main content

Ауэзов атындағы Шымкент университетінде бюджет қаражатын ұрлау туралы іс сотқа жолданды

Submitted by Вера Александрова on

(19 қаңтар 2026 | Дереккөз: Қаржылық мониторинг агенттігі)

Шымкент қаласы бойынша ҚМА Департаменті М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Күдіктілер қатарында – бұрынғы бірінші проректор, қаржы және әкімшілік департаменттерінің директорлары, өндірістік-техникалық бөлімнің қойма меңгерушісі, сондай-ақ мердігер ұйымдардың басшылары бар.

НЕМЕН АЙЫПТАЛУДА

Тергеу нұсқасы бойынша, күдіктілер тауарлар іс жүзінде жеткізілмеген немесе қымбат бағамен сатып алынған жалған мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқан. Аффилиирленген жеке кәсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдардың шоттарына аударылған ақша кейін қолма-қол ақшаға айналдырылып, сыбайластар арасында бөлінген.

МЫСАЛ

Осы схема бойынша университет басшылығы 20 млн теңге тұратын бір кресло сатып алған, ал оның нарықтық бағасы 200 мың теңгеден аспаған.

ЖЫМҚЫРУДЫ ҚАЛАЙ ЖАСЫРҒАН

Нақты жеткізілімдердің жоқтығын жасыру мақсатында күдіктілер ескірген тауарлық-материалдық құндылықтарды баланстан ресми түрде есептен шығарып, оларды пайдалануды жалғастырған. Бұл ретте есептен шығарылғандарды алмастыруы тиіс жаңа тауарлар іс жүзінде жеткізілмеген.

ҚАНДАЙ ЗИЯН КЕЛТІРІЛДІ

Нәтижесінде мемлекетке 321 млн теңге сомасында зиян келтірілген, оның ішінде күдіктілер ерікті түрде 264 млн теңгені өтеген. Сот санкциясымен олардың мүлкіне: төрт тұрғын үйге, бір автокөлікке, банк шоттарындағы 40 млн теңге көлеміндегі ақша қаражатына тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.