Skip to main content

Атыраудан келген кәсіпкер полицияны алдағаны үшін 3 жыл шартты жаза алды

Submitted by Вера Александрова on

Өткен жылдың қыркүйек айында Атырау полициясына ұрлық туралы арызбен кәсіпкер жүгінді. Оның айтуынша, банк маңына тұрақталған көлігінен 12 млн теңге жоғалған. 

Press.kz мәліметінше, құқық қорғау органдары кәсіпкердің ақша ұрлығын өзі жасама сахналағанын анықтаған. Белгілі болғандай, ол қылмысты бейнелеу үшін бір құрылысшыны сөзге көндіріп, оған 2 млн теңге берген. 

Нәтижесінде сот кәсіпкерді ҚР ҚК 419-бабының 3-бөлігі (Ауыр қылмыс жасауда айыптап, көрінеу жалған хабарлау) бойынша кінәлі деп таныды. Аталған бап 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. 

Оның сыбайласы да көмектескені үшін жауапқа тартылды. Айыпталушылар кінәсін мойындап, өкініш білдірді, сот оларды 3 жылға шартты түрде соттады. 

Айта кету керек, қамауда отырған журналист Данияр Әділбековке де энергетика вице-министрі туралы жарияланымдары үшін ҚР ҚК 419-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылды. Әділбековтің қорғаушысы, журналист құқық қорғау органдарына арыз жазбағандықтан, оның әрекеттерін неге дәл осы бап бойынша саралайтынына таңғалып отыр.