Орал полицейлері «Браконьер» жедел-іс-шарасы кезінде автокөлікті тоқтатып, ішінен шамамен 600 ақбөкен мүйізі табылды.
БАҚ мәліметінше, көлікті Атырау облысының тұрғыны жүргізген. Жүргізуші ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Еске сала кетейік, бұған дейін біз жазғандай, экоогия министрлігі ақбөкен мүйізін шетелге сатуды заңдастыруды жоспарлап отыр. Пікірлерде адамдар билік дала антилопасын әдейі атып, сайгақтан заңды түрде ақша табуды көздеп отыр деген нұсқаны алға тартты.
Фонд-бюро расследования коррупции