Полиция Астанадағы базарлардың бірінде жалған мөрлермен жасалған ветеринариялық бақылау белгілері бар етті сатуға тосқауыл қойды.
Polisia.kz мәліметінше, ұсталған сатушыны тексеру кезінде құқық қорғау органдары ауыл шаруашылығы жануарларының ұшаларын мөрлеуге арналған жалған мөрді тәркіледі.
Белгілі болғандай, ер адам оны астаналық базарда ет өнімдерін сатуға жіберу мақсатында бір айдан астам уақыт пайдаланған.
«Қазіргі уақытта Астана қаласындағы ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясына хабарламалар жіберіліп, базардың ет өнімдерін сатуға байланысты қызметін тексеру бойынша тиісті шаралар қабылдануда», - делінген хабарламада.
Ұсталған адамға және базар әкімшілігіне қатысты полиция тергеу амалдарын жүргізуде. Сондай-ақ оларды мал ұрлығына және ұрланған малды өткізуге қатыстылығы тексеріледі.
Еске салайық, бұрын хабарланғандай, ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы өнімдерінің қадағалануының жаңа әдістерін қолданбақшы, бұл әдістер ветеринариялық-санитариялық сараптама актісін жүргізілгеннен кейін автоматты түрде алуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ жоба аясында жануардың толық өмірлік циклі туралы ақпараты бар QR-кодтарды енгізу көзделген. Бұл жануарларды ветеринариялық тексерусіз және ұшалар мен мүшелерді сараптаусыз союдың алдын алуы мүмкін деп күтілуде.
Фонд-бюро расследования коррупции