Әлеуметтік желілерде Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) ауданында түсірілген видео тарады. Ролик авторы зауыттың жанында өткір иісті қара түсті сұйықтықтың төгілгенін байқағаннан кейін түсірілімді бастаған.
АМӨЗ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Informburo.kz хәбәрінше, зауыт экологтары экология департаментінің мамандарымен бірлесіп оқиға орнын тексеріп, қара сұйықтықтың кәріз жүйесінен ағып жатқанын анықтаған.
«Оқиға зауыт аумағынан тыс жерде болды және оның өндірістік жүйелеріне қатысы жоқ», - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, кәріз желісі «Атырау облысы су арнасына» тиесілі. Қазір кәсіпорын бригадасы ақауды жою бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
Өз кезегінде «Атырау облысы су арнасы» оқиғаның алдын ала себебі ретінде кәріз ағындары желісінің өткізілуінің бұзылуын атайды. Алайда компания түпкілікті қорытындыларды диагностика аяқталғаннан кейін ғана жариялайды.
Фонд-бюро расследования коррупции