Skip to main content

Астаналық бизнес-жаттықтырушы клиенттерді 50 млн теңгеге алдады

Submitted by Вера Александрова on

Астана тұрғыны, өзін онлайн-сауда саласындағы бизнес-тренер ретінде таныстырып, клиенттерді Instagram әлеуметтік желісі арқылы тартып, оқу курстарын ұсынған.

Астана прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқудан өткеннен кейін ол тұрмыстық техниканы көтерме сатуға ақша салуды ұсынып, салынған соманың 10% мөлшерінде кіріс уәде еткен. Төлемді алған соң, клиенттермен байланысын тоқтатып, жасырынған.

Сотта айыпталушының кінәсі 10 алаяқтық эпизоды бойынша дәлелденіп, келтірілген залал 50 млн теңгеден асқан. Нәтижесінде оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қала прокуратурасы мұндай қылмыс жасағаны үшін мүлікті тәркілей отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұрын Қостанайда кәмелетке толмаған модельдердің ата-аналарына тиесілі 8 млн теңгені алаяқтық жолмен иемдену және ұрлау бойынша айыпталған жергілікті тұрғынға үкім шығарылған болатын.

Жалған келісімшарттар жасасу үшін әйел жеке кәсіпкердің атына ашылған банктік шотты пайдаланған. Ол өзін ресми түрік агенттігінің өкілі ретінде таныстырып, Қостанай тұрғындарына балаларды оқуға және конкурстарға қатысуға жіберуді ұйымдастыру бойынша делдалдық қызметтерді ұсынған.