Шымкент тұрғыны «инвестициялық» алаяқтық үшін 35 миллион теңгеден астам сомаға сотталды. Сот анықтағандай, сотталушы азаматтардың ақшасын тартып, мемлекеттік сатып алуларға қатысу арқылы салымдарды көбейтуге уәде берген, бірақ іс жүзінде алынған қаражатты құмар ойындарға жұмсаған.
Сот баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылдың қаңтар айында сотталушы Instagram әлеуметтік желісіндегі өз парақшасы арқылы жалған жарнама орналастырған. Жарияланымдарда ол тендерлер мен мемлекеттік сатып алуларға қатысу арқылы инвесторлар салған қаражатты көбейте алатынын мәлімдеген.
Шын мәнінде, әйел азаматтардан алынған ақшаны құмар ойындарға қатысу үшін пайдаланған. Нәтижесінде зардап шеккендерге жалпы сомасы 35 419 000 теңге мүліктік залал келтірілген.
Сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініп, соттан жеңілдік сұраған.
Сот әйелді ҚК 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы («Алаяқтық») бойынша кінәлі деп танып, 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
ҚР «Амнистия туралы» Заңын қолдануды ескере отырып, жазаның соңғы мерзімі үштен біріне қысқартылып, 4 жыл бас бостандығынан айыруға дейін жеткізілген. Сотталушының 14 жасқа толмаған төрт баласы болғандықтан, жазаның орындалуы бес жылға кейінге шегерілген. Сот зардап шеккендердің азаматтық талаптарын толық көлемде қанағаттандырған.
Фонд-бюро расследования коррупции