Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2024 жылы спортты қаржыландыру саласында сыртқы талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері спорт саласындағы басшылар, жаттықтырушылар және басқа да қызметкерлер тарапынан 278 жалған диплом пайдалану фактісін анықтаған.
Мәселен, Астанада жоғары білімі туралы жалған дипломмен олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшыларының бірі жұмыс істеген. Белгілі болғандай, оқу кезеңінде ол басқа спорт ұйымында нұсқаушы қызметін атқарған.
Сондай-ақ, Маңғыстау облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары да жалған дипломмен жұмыс істеген.
«Барлық фактілер бойынша материалдар ішкі істер органдарына берілді, қазір олар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қабылданған шаралар аясында 250 адаммен еңбек шарттары бұзылды. Қалғандары бойынша жұмыстан босату мәселесі тергеу нәтижелері бойынша шешілетін болады», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 2023 жылғы қарашада Ақмола облысының прокуратурасы білім беру саласында жалған құжаттармен жұмысқа орналасқан 13 «маманды» анықтаған еді.
Фонд-бюро расследования коррупции