Маңғыстау облысының прокурорлары спорт мекемесінде бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығын тексеру кезінде ұрлықты анықтады.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 2018 жылдан 2023 жылға дейін облыстық ұлттық спорт түрлері орталығының бас бухгалтері 117 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын заңсыз иемденген.
«Осы факт бойынша облыс прокуратурасы тергеу жүргізді, оның қорытындысы бойынша қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 371-бабының 2-бөлігі (немқұрайлылық) және 189-бабының 4-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа жіберілді», - делінген хабарламада.
Мекеме басшысы өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кінәлі деп танылып, «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты амнистия туралы» Заңының негізінде қылмыстық жазадан босатылды.
Ал бас бухгалтерге амнистия қылмыстық мерзімін өтеуден құтылуға көмектеспеді - ол бюджет қаражатын ұрлағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Еске сала кетейік, Астанада сотталған «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК бұрынғы басшысы Самат Ерғалиев лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деп айыпталған еді. Оның әрекетінен келтірілген залал 113 млн теңгені құрады.
Маусым айында белгілі болғандай, Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының Шымкент дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің бас бухгалтері өзіне және қалған қызметкерлерге негізсіз жоғары жалақыларды есептеп берген. Екі жыл ішінде мекеме қызметкерлеріне 22 218 531 теңге артық төленген.
Фонд-бюро расследования коррупции