Skip to main content

Астана тұрғыны жарамсыз ет сатқаны үшін ұсталды

Submitted by Вера Александрова on

Астана полициясы тамаққа жарамсыз ет сатуды ұйымдастырған ер адамды ұстады.

«Алдын ала анықталғандай, бұл жасырын өндірісте өлексе тұшаларын (қой тұшаларын) өңдеу және сату жүзеге асырылған», - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство өкілетті органдар сараптама жүргізіп жатқанын түсіндірді. Құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, «Еуразия-1» сауда орталығында және «Күйгенжар» бекетінде полиция қызметкерлері тиісті құжатсыз ет өнімдерін заңсыз тасымалдаудың үш фактісін анықтағаны атап өтіледі.

«Шаруа қожалықтарының, фермерлік алқаптардың, мал айдау пункттерінің және сою орындарының нысандары тексеріліп, олардың иелерімен санитарлық нормаларды сақтау туралы профилактикалық әңгімелер жүргізілді», - делінген хабарламада.