Skip to main content

Алматыда жаңа троллейбустарға 16 млрд-қа жуық ақша жұмсамақшы

Submitted by Вера Александрова on

Алматы мемлекеттік активтерді басқару «Алматы қалалық мобильділікті басқару» КММ-не 15,9 млрд теңгеге 100 жаңа троллейбус сатып алуды жоспарлап отыр. 

Хабарландыру мемлекеттік сатып алу сайтында орналастырылды. Техникалық сипаттамада көлік ұзындығы кемінде 12 метр болуы, бейнебақылау және кондиционерлермен жабдықталуы, жалпы орын саны (отыратын орындарды қоса алғанда) 90-нан аспауы керек екені көрсетілген. 

Тауар шарт қазынашылық органдарында тіркелген күннен бастап 180 күн ішінде жеткізілуі тиіс. Қатысуға өтінімдер 25 сәуірден 10 мамырға дейін қабылдана бастайды. 

Естеріңізге сала кетейік, наурыз айында Алматы қалалық мобильділікті басқару женіл рельсті көліктің (LRT) бірінші желісінің техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеуге конкурс туралы хабарландыру жариялады, бұған шамамен 344 млн теңге бөлінеді. Шарт жасалғаннан кейін орындалу мерзімі 8 айды құрайды.