Алматыда Saubota деген белгілі қазақстандық брендінің астында маркаланған 18 мың данадан астам жалған құрғақ түйе сүті тәркіленді. Бұл туралы Әділет департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Informburo.kz деректеріне сәйкес, жоспардан тыс тексеру құқық иеленушінің ресми өтінішінен кейін жүргізілді. Saubota сауда белгісімен өнімнің заңды өндірушісі «Евразия Инвест LTD» ЖШС болып табылады.
Тексеру барысында бұзушылардың өнімді кейіннен сату үшін сақтап қана қоймай, оның заңсыз өндірісін де жолға қойғаны анықталды.
Орнынан дайын сүт партиялары, бос ыдыс, қақпақтар және орамалардағы заттаңбалар тәркіленді. Арнайы жабдықтың көмегімен жалған өнімді өзге біреудің тауар белгісімен орап, таңбалаған. Барлық тауарлар тәркіленіп, хаттамалар толтырылып, материалдар сотқа жіберілді.
Еске сала кетейік, қаңтар айында Шымкентте суррогатты алкогольдің жерасты өндірісінен түскен кірістерді жылыстату схемасы анықталды. 2022 жылдан бастап ерлі-зайыптылар жалған акциздік маркалары бар алкогольді заңсыз өндіруді ұйымдастырған. Шымкенттен басқа, өнім көршілес өңірлерге – Түркістан және Жамбыл облыстарына да сатылған.
Тінту кезінде күдіктілерден дайын алкоголь өнімдері және 75 млн теңге тәркіленді. Жерасты цехының қызметінен түскен қылмыстық кіріс 309 млн теңгеден астам деп бағаланды.
Фонд-бюро расследования коррупции