Полиция қызметкерлері зардап шегушінің арызы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді ұстады.
Polisia.kz деректеріне сәйкес, олар бопсалау және әлеуметтік желілерде абыройды түсіретін материалдарды жариялаумен қорқытуға күдікті.
Айта кетейік, қылмыскерлер 8 млн теңге бопсалаған. Сонымен қатар, олар зардап шегушіні сот шешімі бойынша кәсіпкерден алуға тиіс 20 млн теңге талабынан бас тартуға көндіруге тырысқан.
Күдіктілер 10 млн теңге алған кезде ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау фактісі бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады.
Еске салайық, 2023 жылғы желтоқсанда құқық қорғау органдары Семейдің алаяқтық үшін бірнеше рет сотталған тұрғынын ұстаған болатын. Ол бірнеше жыл бойы өзін блогер ретінде таныстырып, жала жабатын бейнематериалдарды таратамын деп қорқытып, Семей арқылы өтетін жолаушылар пойыздары қызметкерлерінен ақша бопсалағаны хабарланған.
2024 жылғы маусымда полиция қызметкерлері Түркістан облысында бопсалауға күдіктелген екі блогерді ұстаған болатын. Олар аудандық мектептердің бірінің директорынан оның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін постты жою үшін 100 мың теңге талап еткен.
Фонд-бюро расследования коррупции