Skip to main content

Түркістан облысында блогер бопсалауға күдікке ілінді

Submitted by Вера Александрова on

Түркістан облысында блогер, қоғам белсендісі және «С-Информ» газетінің өкілі Рүстем Ашетаев ұсталды. Бұл туралы журналист Амангелді Батырбеков хабарлады.

«HALYQSTAN» Telegram-арнасының мәліметінше, Батырбеков Ашетаевты Түркістан облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстағанын айтты.

Оған қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы («Бопсалау») бойынша қылмыстық іс қозғалғаны, құқық қорғау органдары жасырын жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатқаны атап өтілді. Журналистердің сұрауларына қарамастан, облыстық полиция департаментінде жағдайға әзірше түсініктеме берілмейді.

Белгілі болғандай, бұған дейін Ашетаев өз жарияланымдарында облыстық полиция басшылығын, оның ішінде генерал Кабденовты бірнеше рет сынға алып, оның өзімен кездесуден бас тартқанын мәлімдеген.

Бұл Қазақстанда бопсалау күдігімен блогерлердің ұсталуы бірінші рет емес.

Еске салайық, қаңтар айында Алматы полицейлері әлеуметтік желілерде компроматтық материалдар жариялау арқылы шантаж жасап, қорқытты деген күдікке ілінген кәсіпкер мен екі блогерді ұстады. Қылмыскерлер 8 млн теңге бопсалағаны хабарланды.

Ақпан айында Қостанай облысы Қарабалық ауданының Қарабалық кентінде 15 млн теңге бопсалады деген күдікке ілінген блогер Миршат Сәрсенбаев ұсталды

Сәуір айында Шымкентте жалпы білім беретін мектептердің бірінің педагогынан ақша бопсалады деген күдікке ілінген блогер ұсталды.

Мамыр айында Петропавлда «Магнум» және «Семейный» сауда желілерінен бопсалағаны үшін екі блогер сотталды. Олар «рейдтерді» тоқтатып, әлеуметтік желілерде теріс жарияламау үшін ақша талап етті деп айыпталды. Іске қатысушылар өздерінің дүкендерге барғанын ұялы телефонға түсіріп, иелерінің мүддесіне зиян келтіруі мүмкін мәліметтерді жинаған.