Skip to main content

Алматыда 1 млрд теңгеге вейп сатудың жолы кесілді

Submitted by Вера Александрова on

Департамент Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Алматы қаласы бойынша электронды тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың заңсыз айналымымен айналысқан топтың әрекетін тоқтатты.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, тыйым салынған өнім «ESCOBAR OPTOM» Telegram-арнасы арқылы кейін курьерлік жеткізумен сатылған.

Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде құқық қорғау органдары қоймалар мен өткізу орындарын анықтады. Тінту кезінде 150 мыңнан астам вейп тәркіленді, оларды сатудан түскен табыс 1 млрд теңгеден асуы мүмкін.

Өнімнің кәмелетке толмағандар, оның ішінде мектеп оқушылары арасында белсенді таратылғаны атап өтіледі.

«Көлеңкелі бизнес ұйымдастырушылар жасөспірімдерге электронды темекіні саналы түрде жеткізіп, олардың денсаулығын үлкен қауіпке ұшыратты», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, маусым айында Павлодар облысы бойынша ҚМА департаменті вейптердің, хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың заңсыз айналымымен айналысқан қылмыстық топты жойды. Ведомство қызметкерлері өнімді сақтау қоймаларын анықтап, 155 мыңнан астам вейпті тәркіледі, оның болжамды құны 1,6 млрд теңгеден асты.

Кейінірек Павлодар облысында Екібастұз аумағында электронды вейптердің, хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың заңсыз айналымымен айналысқан адамдар тобы анықталды. Құқық қорғау органдары қойма мен өткізу орындарын тауып, 5 600 данадан астам вейп пен олардың қосалқы бөлшектерін тәркіледі. Ықтимал табыс 100 млн теңгеден асты.

Шілдеде Ақтөбе облысы бойынша ҚМА департаменті және Қазақстанның шекара қызметі вейптерді заңсыз әкелу әрекетінің жолын кесті. «Жайсан-автомобильдік» шекара өткізу бекетінде Ресейден келе жатқан екі жүк көлігі ұсталды.

Көліктен тыйым салынған өнімнің ірі партиясы табылды: 13 мың вейп; 2 мың дана вейп сұйықтығы және 14 мың дана шылым шекпейтін темекі бұйымдары.