Департамент Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Ақтөбе облысы және Қазақстанның шекара қызметі вейптерді заңсыз әкелу әрекетінің жолын кесті.
ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, «Жайсан-автомобиль» шекаралық өткізу бекетінде Ресейден келе жатқан екі жүк көлігі ұсталды.
Көліктен тыйым салынған өнімнің ірі партиясы табылды:
- 13 мың электронды тұтыну жүйелері (вейптер);
- 2 мың дана вейп сұйықтығы;
- 14 мың дана шегiлмейтiн темекi бұйымдары.
Осы факті бойынша сот екі азаматқа айыптау үкімін шығарды. Оларға 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Құны 26 млн теңге болатын вейптер тасымалданған көлік құралдары тәркіленді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бұрын Павлодар облысында Екібастұз аумағында электронды вейптерді, хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтарды заңсыз айналымға салып жүрген адамдар тобы анықталған.
Құқық қорғау органдары қойма мен сату орындарын анықтап, 5 600 данадан астам вейптер мен олардың қосалқы бөлшектерін тәркіледі. Ықтимал табыс 100 млн теңгеден асқан.
Фонд-бюро расследования коррупции