Skip to main content

Алматы облысында бөгеттің жарылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Submitted by Вера Александрова on

Алматы облысының прокурорлары Ворошилов су қоймасы бөгетінің жарылуы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 наурызда бөгеттің жарылуы салдарынан 12 мыңнан астам адам тұратын 2 елді мекен су басу қаупіне ұшырады. Олардың бір бөлігі шұғыл түрде эвакуацияланды. 

2017 жылы Алматы облысының қаржы басқармасы су қоймасын сенімгерлік басқару шарты бойынша «Петрова Л.» ЖК-ге бергені хабарланады. Бұл ретте ол облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ШЖҚ «Илиирригация» МКК балансында тұр. 

Облыс прокуратурасы ҚК-нің 371-бабы (Қызмет бабындағы немқұрайлылық) бойынша қылмыстық іс тіркеді, тергеу Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне жүктелді. 

Еске салайық, бірнеше күн бұрын прокуратура бөгеттің жарылуы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. 29 наурызда Ақтөбе облысының Айтеке би ауданында «Щербаковское» бөгетінде дамба жарылды. 

Су басу қаупіне байланысты жергілікті билік Жүргенов ауылынан 927 адамды, оның ішінде 215 баланы эвакуациялады. Кейін облыс прокуратурасы қылмыстық іс қозғау туралы хабарлады

Одан кейін Ақтөбе облысында тағы бір бөгеттің жарылуы туралы хабарланды. Бұл жолы Хромтау ауданының Табантал ауылдық округіндегі Мағаджан су қоймасының бөгеті жарылды. Су Ақтөбеге жетіп, Алға ауданын су басты.