Skip to main content

Алматы ардагерлеріне жеңіс мерейтойына 2 млн теңгеден төленеді

Submitted by Вера Александрова on

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары қала әкімі Ерболат Досаевтың Ұлы Отан соғысы (ҰОС) ардагерлеріне Жеңіс мерейтойына берілетін біржолғы төлемді 2 млн теңгеге дейін арттыру бастамасын қолдады. 

Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл сайын Жеңіс күніне орай ардагерлерге 1 млн теңгеден төленіп келген.

«Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша біз біржолғы әлеуметтік көмекті 1 миллион теңгеге ұлғайту туралы шешім енгіземіз. Жалпы, ағымдағы жылы ардагерлер 2 миллион теңге көлемінде біржолғы көмек ала алады», — деді Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов.

Аталғандай, бүгінгі күні Алматыда ҰОС-ның 44 ардагері тұрады.