Астана прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 150 адам 350 млн теңге көлемінде алимент бойынша қарызы болса да, құмар ойындарға әуестенген.
Мысалы, олардың бірі букмекерлік кеңсенің қызметін пайдалана отырып, жеке айналымы 80 млн теңгеге дейін жететін құмар ойындарға қатысқан. Сонымен қатар, оның бала тәрбиесіне төлем бойынша қарызы 2,5 млн теңгені құраған.
«Прокуратураның қадағалау актісі бойынша жеке сот орындаушылары 150 борышкерге қатысты құмар ойындарға қатысуға тыйым салуды қолданды. Шектеудің жаңа түрі борышкерлердің ақша қаражатын ысырап етуін болдырмайды», — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов алимент төлеуден жалтарғандар есебінен толықтырылатын Мемлекеттік алименттік қор құруды ұсынған болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции