Skip to main content

Алаяқтыққа күдікті 126 млн теңгені Қырғызстаннан экстрадициялады

Submitted by Вера Александрова on

Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қырғызстаннан Алматы облысының аумағында бірқатар алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікке ілінген азамат экстрадицияланды.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылдан 2022 жылға дейін күдікті басқа адамдармен бірлесіп, кәсіпкерлерге өңірдегі ірі азық-түлік базарларының бірінен сауда бөлмелерін сатып алуды ұсынған.

Тергеу органдарының мәлімдеуінше, қылмыскерлер азаматтарды адастырып, 11 кәсіпкердің қаражатын жалпы сомасы 126 млн теңге мөлшерінде иемденген.

Бірқатар қылмыс жасағаннан кейін айыпталушы жасырынып, халықаралық іздеу жарияланған. Тамыз айында ол Бішкекте ұсталған.

Кейін күдікті Қазақстанға экстрадицияланып, тергеу изоляторына орналастырылды. Оған тағылған айып бойынша мүлкін тәркілеп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгені атап өтілген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ресейден есірткі сатқаны үшін сотталған қазақстандық экстрадицияланған болатын. Хабарланғандай, ол бір топ адамдармен бірге Павлодар аумағында ерекше ірі мөлшерде есірткі сатқан. Ер адам одан әрі сату үшін 66 кг марихуана мен 8 кг гашишті тасымалдау кезінде ұсталған.