Skip to main content

Ақтөбедегі емханадан пациенттің өлімі үшін 700 мың теңге өндірілді

Submitted by Вера Александрова on

Ақтөбе қалалық соты ер адамды әйелден ажырата алмай, мүгедектігі бар науқастың өліміне әкелген дәрігерлердің ісін қарады. 

Ratel.kz деректеріне сәйкес, Ақтөбе қалалық сотының шешімінде бірінші топтағы мүгедек Дьяковтың Ақтөбе қалалық №2 емханасында гипертониялық ауру, созылмалы жүректің ишемиялық ауруы, ми тамырларының зақымдануы диагноздарымен диспансерлік есепте тұрғаны хабарланған. 

Науқас емхананың күндізгі стационарында үнемі ем қабылдап тұрғаны айтылады. Қандай да бір себеппен дәрігерлер Дьяковты әйел деп шешкен және тексеру анықтағандай, «қызметкер науқастың жеке басын дұрыс анықтамаған, өмір тарихының сипаттамасы әйел жынысына сәйкес келеді». 

Сонымен қатар ер адамды кардиолог қарамаған, оған жүректің УДЗ-і жасалмаған, қан ұйығыштарының пайда болуына жол бермейтін міндетті дәрі-дәрмектер, холестерин деңгейін төмендететін таблеткалар тағайындалмаған. Бұл деректерді медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің тексеруі анықтаған.

«Емдеу формальды, көрсету үшін болды, науқасқа тиісті динамикалық бақылау жүргізілмеді. Анықталғандай, емхана асқынулардың, аурулардың өршуінің алдын алу, олардың профилактикасы және медициналық оңалтуды жүзеге асыру мақсатында Дьяковты толық көлемде тексеруден өткізбеген, «бұл теріс салдарға әкеліп, оның денсаулық жағдайын нашарлатты, нәтижесінде бұл өлімге әкелді», - делінген Ақтөбе қалалық сотының шешімінде.

Сайып келгенде, сот на науқастың өліміне дәрігерлердің кінәсін мойындап, емханадан Дьяковтың отбасына моральдық зиян үшін материалдық өтемақы ретінде 700 мың теңге өндіріп алды.