Эксперты Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСК) мамандары Астанадағы жекеменшік емхананың өзіне заңсыз 16 мың азаматты тіркеп, 100 млн теңгеден астам қаражат алғанын анықтады.
Қордың баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 мың жалған пациенттің шамамен 13 мыңы – балалар. Барлық адамдар олардың келісімінсіз тіркелген. Әрбірі үшін емхана мемлекеттен айына 1 800 теңгеге жуық ақша алған.
Бұл мекемеге тұрақты немесе уақытша тұру үшін шетелге кеткен адамдарды тіркеген. Сонымен қатар, Қор емхананың 5-10 жыл бұрын қайтыс болған балаларға медициналық қызмет «көрсеткенін» анықтады.
«Нәтижесінде астаналық емхана жалпы сомасы 100 млн теңгеден асатын 33 мыңнан астам қызметті «тіркеген». Осы факті бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Астананың мамандандырылған экономикалық сотында ӘМСК мен астаналық емхана арасында заңсыз алынған соманы қайтару туралы сот талқылауы жүргізілуде.
Пайда табу үшін «өлі жандарды» пайдаланғандар жазалана ма, бізге нақты белгісіз.
Фонд-бюро расследования коррупции