Skip to main content

Ақмола облысының тұрғындары суррогат алкогольден 350 млн табыс тапты

Submitted by Вера Александрова on

Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) Ақмола облысында жалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдаланып, суррогат алкогольді заңсыз өндірудің жолын кесті. 

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 адам Степногорск тұрғынының басшылығымен бұл алкоголь өнімдерін Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында сатқан.

«Дайын өнімнің 20 мыңнан астам бөтелкесі және 100 мыңнан астам бос бөтелке, құрамында спирті бар сұйықтық, спирт, жалған есепке алу-бақылау маркалары тәркіленді», - делінген ҚМА хабарламасында.

Қылмыстық әрекет кезеңінде ақша қаражатының айналымы 350 млн теңгеден асқаны хабарланады. 

Нәтижесінде іс бойынша фигуранттар сотпен қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру үшін де. Мемлекет кірісіне 4,6 млн теңге тәркіленді. 

Еске салайық, бұған дейін Тараздың мамандандырылған әкімшілік соты қаулы етіп, «ASCO Pro» ЖШС-нен 110,2 млн теңге сомасындағы алкоголь өнімін тәркілеген еді. Алайда кәсіпорынның бұрынғы басшысы тәркіленген тауарды өзіне қалдыруды шешті. 

Нәтижесінде Тараздың №2 соты компанияның экс-басшысын кінәлі деп танып, 1 жыл 3 ай бас бостандығынан айыруға және меншік нысанына қарамастан ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқаруға 4 жылға тыйым салуға соттады.