Абай облысында сот ауылдық округтің бұрынғы әкіміне қоғамдық жұмыстарға бөлінген бюджет қаражатын жымқырғаны үшін жаза тағайындады. Келтірілген залал сомасы 500 мың теңгеден асты.
Өңір прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомство сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеп, материалдарды процессуалдық шешім қабылдау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне жіберген. Кейін іс сотқа жолданды.
Нәтижесінде сот бұрынғы әкімді ҚР ҚК 190-бабы («Алаяқтық») бойынша кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойы тыйым сала отырып, 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Мемлекетке келтірілген залал толық өтелді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында 46 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша үкім шығарылған болатын. Айыпталушылар арасында әкімдіктің үш бұрынғы қызметкері болды.
Фонд-бюро расследования коррупции