Шығыс Қазақстан облысы әкімінің іс басқармасы Сол жағалау шипажайын саудаға шығарды, бұл шипажай бұрынғы Даниал Ахметовтің резиденциясы ретінде көбірек танымал.
Облыстық әкімдік шипажайдың орнында туристік-инвестициялық орталық құруды көздейді. Нысанның бағасы 1,12 млрд теңгеден басталады.
Сауғаға қойылды: шипажайдың екі қабатты ғимараты (3179,9 ш.м.), шаруашылық құрылыстары (331,8 ш.м.), үй (157,9 ш.м.) — бәрі Өскемен қаласында, Дерновый аралының аумағында орналасқан, сондай-ақ Дресвяный аралындағы қонақ үйі (331 ш.м.) және сорғы станциясы (26,3 ш.м.).


Сауданың басталуы осы жылдың үшінші шілдесіне жоспарланған.
Тендер нысанды үш жылға сенімгерлік басқаруға беру, кейіннен сатып алу мүмкіндігімен өткізіледі.
Әлеуетті сатып алушы туристік-инвестициялық орталық жобасын іске асыруға байланысты барлық ілеспе шығындарды көтеруі тиіс.
Атап айтқанда, орталықты жөндеуге және іске қосуға үш жыл ішінде кемінде 800 млн теңге тікелей инвестиция салуды қамтамасыз ету қажет.
Жобаны алдын ала ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасымен келісу керек.
Болашақ меншік иесінің жауапкершілік аймағына күрделі жөндеу, қонақтардың демалысына арналған инфрақұрылым мен жұмыс орындарын құру, орталықтың виртуалды моделін жасау кіреді.
Құрылыс-монтаж жұмыстары шартқа қол қойылған сәттен бастап алты ай ішінде басталуы тиіс. Көпфункционалды орталықта тек қонақүй нөмірлері ғана емес, сонымен қатар конференц-залдар, жеке коворкингтер, сауда павильондары, мейрамханалар, бассейн, футзал, спорт алаңдары және басқалары болуы керек.
Еске сала кетейік, жақында YouTube-арнасы «Обожаю» жаңа бейнематериал шығарды, онда арнаның авторы Асхат Ниязов дәл сол Сол жағалау шипажайына барды.
ФБРК редакциясы анықтады кадрға түскен кейбір интерьер заттарының бағасын. Біз жиһазды 27 млн теңгеге бағаладық.
Облыстық әкімдік оны қалай пайдаланбақшы екені қызық?
Фонд-бюро расследования коррупции