Skip to main content

Абай облысындағы жаттығулар кезінде сарбаз қаза тапты

Submitted by Вера Александрова on

Әскери бөлімдердің бірінде Абай облысы Аягөз гарнизонының мерзімді әскери қызметшісі қаза тапты. Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға оқу-жаттығу кезінде болған.

«13 маусымда оқу-жаттығу өткізу барысында қауіпсіздік шараларын бұзуға жол берілді. Аягөз гарнизоны әскери бөлімдерінің біріндегі мерзімді әскери қызметші өмірмен сыйыспайтын жарақат алды», - делінген хабарламада.

Оқиға бойынша қызметтік тексеру тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.

«Кінәлілер мен лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі және ҚР Қарулы Күштерінің Тәртіптік жарғысы шеңберінде тиісті жазаға тартылады», - деп хабарлады ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтауда № 25744 әскери бөлімінің әскери қызметшісі жаңадан келген сарбаздардың басына табуретка және шоқпармен ұрған болатын. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған, алайда кейін тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған еді.