23 жастағы ер адам Семейде мейрамхана жанында сигнал тапаншасынан екі рет оқ атқаны үшін бес тәулікке қамауға алынды.
ОҚИҒА ҚАЛАЙ БОЛДЫ
Абай облысы полиция департаментінің (ПД) деректері бойынша, ер адам мейрамхана жанында мас күйінде болып, сигнал тапаншасын шығарып, екі рет ауаға оқ атқан.
Полицейлер оның жеке басын анықтады. Ол Семейдің 23 жастағы тұрғыны Никита Бронин болып шықты.
ЕР АДАМ ҚАНДАЙ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАЗАЛАНДЫ
Ер адамға қатысты үш факті бойынша әкімшілік материалдар жасалды: қоғамдық орында мас күйінде пайда болу, ұсақ бұзақылық және тыныштықты бұзу.
Істі қарау қорытындысы бойынша сот оған бес тәулік әкімшілік қамау тағайындады.
ПОЛИЦИЯ НЕ ХАБАРЛАДЫ
Абай облысы ПД-да қоғамдық тәртіпті бұзу, оның ішінде қаруды немесе оған ұқсас заттарды пайдалану заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.
КОНТЕКСТ
Бұған дейін Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында мас күйіндегі жас адамдар тобының қатысуымен жанжал болды. Полицияның деректері бойынша, тұрғындардың бірі газ тапаншасынан ауаға ескерту оғың атқан.
Оқиғадан кейін жанжалға қатысқандардың барлығы ұсталып, полицияға жеткізілді.
Фонд-бюро расследования коррупции