Абай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының басшысына қатысты тергеуді аяқтады.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, іс материалдарында көші-қон қызметінің қызметкері өзінің бағыныштысы арқылы аудандық буын қызметкерінен алған пара көрсетілген. Пара айыпталушыға бағынысты бөлімшеге ауыстыру үшін берілген.
Барлық лауазымды тұлғалар парақорлық фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны хабарланды.
«20 мамырдағы жағдай бойынша қылмыстық іс облыс прокуратурасымен сотқа жіберілді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтау қалалық соты облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қалмұрзаев Ш.-ны 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ол ел аумағында жалпы қамқорлық көрсеткені үшін шетелдіктен 3 млн теңге көлемінде пара алған.
Фонд-бюро расследования коррупции