Skip to main content

1,5 млрд залал: Павлодар облысында шетелдік автокөліктерді заңсыз тіркеу

Submitted by Вера Александрова on

Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) шетелден әкелінген автокөліктерді заңсыз тіркеген адамдар тобын анықтады.

ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылғы маусым мен тамыз аралығында күдіктілер Павлодар облысында 150 жүк көлігін алғашқы тіркеуге заңсыз қойған. 

«Олар алғашқы тіркеу үшін төлемақы төлеу туралы жалған түбіртектерді пайдаланып, ақпараттық жүйеге әдейі жалған ақпарат енгізген, бұл алғашқы тіркеу және кәдеге жарату төлемінен жалтаруға әкеліп, мемлекетке жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден астам шығын келтірген», - делінген хабарламада.

Сот санкциясымен барлық заңсыз тіркелген көлік құралдарына тыйым салынды, күдіктілерге қатысты «қамауда ұстау» және «үй қамағы» түріндегі бұлтартпау шаралары таңдалды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада шетелдік автокөліктерді заңсыз тіркеу ісі бойынша үкімдер шығарылған болатын. Айып тақтасында 32 адам отырды. 2021 жылдан 2022 жылға дейін айыпталушылар 312 көлікті заңсыз тіркеген. Сонымен қатар, олар Қазақстанға кіргізілмеген 73 оң рульді және 77 сол рульді көлікті заңсыз ресімдеген.

Сондай-ақ, белгілі болғандай, ҚМА Қостанай облысы 2020-23 жж. аралығында 83 ауыр жүк көлігін оларды алғашқы тіркеу төлемінсіз есепке қою фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Мемлекетке келтірілген залал 591 млн теңгені құрады.  

Сонымен қатар, хабарланғандай, Ақмола облысында 2023 жылы Арнайы ЦОН қызметкерлерінің жүк көліктерін заңсыз тіркеуі әшкереленді. Олар заңсыз әрекеттерді екі жыл бойы жасаған.