Ақмола облысының табиғат қорғау прокуратурасы өңірдің орман шаруашылықтары мен ұлттық парктерінің кесуге бөлінген орман көлемін асыра көрсеткенін анықтады.
«Анықталған заң бұзушылықтарды жою үшін Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Оны қарау нәтижесінде 16 орман шаруашылығы мен ұлттық парктердің кесуге өтініш берген 108,9 мың текше метр орман көлемінен 46 немесе 50 мың текше метрден астамы алынып тасталды», - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Инспекция бөлімінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде прокуратура 420 га-дан астам орманды ұтымды пайдалану мен сақтауды қамтамасыз етті. Еске салайық, 2023 жылы еліміздің мемлекеттік орман қорының аумағында 16 мыңнан астам рейд жүргізіліп, нәтижесінде анықталған 220 заңсыз орман кесу фактісі тіркелді. Бұзушылар 6 мың текше метр орманды ұрлаған.
Фонд-бюро расследования коррупции