Прокуратура Есіл ауданы Ақмола облысы жалпы білім беру мекемелерінің қызметінде бұзушылықтарды анықтады.
«Тексеру барысында мектептің жобалық сыйымдылығынан білім алушылар санының асып кетуі, сыныптардың толып кетуі, ауысымдар арасындағы үзіліс уақытының сақталмауы, оқушылар үшін сабақ арасындағы үзілістердің ұзақтығы, мерзімі өткен тамақ өнімдерін пайдалану және сақтау, сыныптардағы температуралық режимнің бұзылуы, мектеп үй-жайларының санитарлық ережелерге сәйкес келмеуі, дайын тағамдардың калориялылығы, жұмысқа жіберумен медициналық кітапшалардың болмауы және т.б. көрініс тапқан көптеген бұзушылықтар анықталды» - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Нәтижесінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы 1-бөлігі (халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке 22 адам тартылып, оларға 4 596 540 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар нәтижесінде білім беру мекемелеріндегі бұзушылықтар жойылғаны хабарланады.
Фонд-бюро расследования коррупции