Skip to main content

3,5 кг есірткіні Таиландтан Қазақстанға әкелуге тырысты

Submitted by Вера Александрова on

Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) Тайландтан ерекше ірі көлемдегі есірткі заттарын жеткізуге тосқауыл қойды.

«DHL» уақытша сақтау қоймасын тексеру кезінде Астана бойынша ҚМА департаментінің қызметкерлері қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып, кедендік бақылау аймағында халықаралық пошта жөнелтілімдері – 3 сәлемдеме тауып, олардың ішінен жалпы салмағы 3,5 кг есірткі заты – каннабис сығындысы (гашиш майы) анықталды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Нәтижесінде құқық қорғау органдары төрт күдіктіні ұстап, олардың тұрғылықты жерлерінде тінту жүргізіп, салмағы 787 гр. марихуана қорын, сондай-ақ есірткі заттарын өлшеу және орау үшін қажетті заттарды тапты.

«Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 4 күдіктіге қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.