Алматы облысының полицейлері еліміздегі синтетикалық есірткі өндіретін ең ірі жерасты зертханасын жойды.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, зертхана Талғар ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінің аумағында ұйымдастырылған.
Тінту кезінде тәртіп сақшылары 100 кг дайын синтетикалық есірткі және өндірісте қолданылатын 8 тоннадан астам химиялық заттарды тапты.
«Алдын ала есептеулер бойынша, полицейлер нарықтық құны 3 миллиард теңгеден асатын 200 мыңнан астам бір реттік дозаның заңсыз сатылуының алдын алды», - делінген хабарламада.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қатысы бар адамдардың жеке басы анықталуда.
Қазақстанда есірткі өндіргені және таратқаны үшін ең жоғары жаза өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қарастырылғаны атап өтіледі.
Фонд-бюро расследования коррупции