Көлік прокуратурасы мемлекет кірісіне 100 млн теңгеден астам контрабандалық тауарларды өндірді.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы әуежайының кедендік бақылауында бір пошталық жөнелтілімнен алмастары бар зергерлік бұйымдар табылған. Асыл заттар АҚШ-тан ойыншық ретінде келген.
Көлік прокуратурасының талап арызы бойынша Түрксіб аудандық соты құны 60 млн теңге болатын тәркіленген бұйымдарды мемлекет меншігіне беру туралы шешім қабылдады.
Тағы бір талап арыз бойынша сот Түркиядан геотекстиль ретінде келген құны шамамен 48 млн теңге болатын тауарларды мемлекет кірісіне өндірді.
Еске салайық, тамыз айында Астанада елордалық халықаралық әуежайдағы кеден бекеті басшысының орынбасарына үкім шығарылды. Ол 57 млн теңге бағаланатын декларацияланбаған медициналық дәрі-дәрмектер мен алтын бұйымдарды әкелгені үшін сотталған азаматшадан пара алған деп айыпталды.
Қыркүйек айында қазақстан-қырғызстан шекарасында Lexus маркалы автокөлік жүргізушісінен кеденшілер шамамен 170 млн теңгеге алтын тапты. Салмағы 3 кг-нан асатын құймаларды Қырғызстаннан Қазақстанға заңсыз әкетуге тырысқан.
Фонд-бюро расследования коррупции