Skip to main content

3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын алды Ақтөбедегі гимназия директоры ұрлық үшін

Submitted by Вера Александрова on

Ақтөбеде сот №55 гимназия директорына үкім шығарды. Ол ұрлық және қызметтік өкілеттілікті теріс пайдаланды деп айыпталды. 

ORDA мәліметінше, сотта мектеп директоры 7 жыл бойы кейбір мұғалімдерге тиісті сомадан жоғары жалақы есептегені анықталды. Педагогтар кейін бұл ақшаны оған қайтарып берген. Ұрлық схемасына бас бухгалтер де қатысқан. 

Өз кезегінде сотталушы кінәсін мойындамай, бухгалтердің ұрлықты оның хабарынсыз жасағанын мәлімдеді. 

Артық ақша есептеу туралы сұраққа әйел оның жеке бас мақсатында емес екенін түсіндірді. Оның айтуынша, «алынған барлық ақша мектептің қажеттіліктері мен күтіміне жұмсалды»

Соңында сот мектеп директорын ҚК 189 және 361-баптары бойынша кінәлі деп тауып, оған 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе қалалық соты аталған мектептің Бекзат Таженов есімді бас бухгалтеріне 413 млн теңгеден астам мемлекеттік ақшаны ұрлап, оны ставкаларда ұтып жібергені үшін үкім шығарған болатын.