Биыл Алматыда қаланың 274 көшесінде жолдар жөнделеді. Олардың жалпы ұзындығы 250 км құрайды.
Алматы әкімдігіне сілтеме жасаған zakon.kz хабарлағандай, мегаполистегі шұңқыр жөндеудің 90% орташа жөндеу жүргізілмеген 5 жылдан астам уақыт өткен жолдарға тиесілі. Сондай-ақ, инженерлік желілердің құрылысы мен жөндеуі жүргізілген учаскелер проблемалы орындар деп танылды.
Әкімдіктің мәліметінше, мердігер ұйымдар мониторинг барысында және азаматтардың Telegram-каналдағы @AlmatyJolybot чат-боты, open-almaty.kz порталы және eOtinish сервисі арқылы келіп түсетін өтініштері негізінде анықталған шұңқырларды бітейді.
«Жұмыс басталғаннан бері ағымдағы жөндеумен 41 000 шаршы метр жол төсемі қамтылды. Жыл соңына дейін шамамен 310 000 шаршы метр асфальтбетон жабыны жөнделеді деп жоспарлануда. Орташа жөндеу жол төсемін ауыстыру арқылы жолдың бастапқы пайдалану қасиеттерін қалпына келтіруді көздейді. Ағымдағы жылы ұзындығы 250 км болатын 274 көшеде орташа жөндеу жүргізу жоспарлануда», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар әкімдік өткен жылы Алматыда ұзындығы 200 км болатын 175 көшеде жолдарды орташа жөндеу жүргізілгенін еске салды. Орташа жөндеуге кепілдік мерзімі 3 жылды құрайтыны, осы уақыт ішінде мердігер кез келген кемшілікті өз есебінен түзетуге міндеттенетіні хабарланды.
«Өткен жылы пилоттық режимде қаланың 15 магистральды көшесінде жөндеу кезінде коллияға және жарықшақ пайда болуға төзімділікті арттыруға бағытталған полимерасфальтбетон қолданылды. Мұндай қоспалар тозуға төзімді, жұмсарту температурасы жоғары (65-70°С), сондықтан ыстықты ерекше салдарсыз оңай көтереді, қазіргі 5 жыл пайдаланудың орнына әлдеқайда ұзақ – 8-10 жыл қызмет етеді. Биыл бұл тәжірибе жалғастырылады», - деді әкімдікте.
Еске салайық, бұған дейін Астана әкімдігі бірқатар мердігер жол-құрылыс ұйымдарын жұмыстарды өз есебінен қайта жасауға мәжбүрлейтінін айтқан еді. Дефектілер көктемгі тексеру барысында жөндеу жұмыстары 2021 жылдан 2022 жылға дейін, яғни астана әкімі Құлгинов болған кезеңде жүргізілген бірнеше көшеде анықталғаны хабарланған болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции