Skip to main content

«Samruk-Kazyna Construction» директоры 2,6 млрд теңге ұрлау ісі бойынша халықаралық іздеу жарияланды

Submitted by Вера Александрова on

Астаналық департамент Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарушы директорына және «Дорстройтрест» ЖШС басшысына қатысты тергеуді аяқтады.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, олар көппәтерлі «Көк-Төбе» тұрғын үй кешенінің құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.

Белгілі болғандай, 2022 жылғы қаңтарда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ «Дорстройтрест» ЖШС-мен құрылысқа инвестициялау туралы шарт жасасып, 2,6 млрд теңге көлемінде аванс аударған.

Осыған қарамастан, құрылыс бұзушылықтармен жүргізіліп, белгіленген мерзімде аяқталмаған.

Күдіктілер алған авансты құрылысқа қатысы жоқ қарыздарды өтеуге, сондай-ақ автокөліктер сатып алуға жұмсаған. Сонымен қатар, осы соманың 650 млн теңгесі жалған шарттар арқылы үлестес ЖШС-тердің шоттарына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған.

«Алынған қылмыстық кірістерге құны 23 млн теңге болатын екі автокөлік сатып алынып, оларды ықтимал тәркілеуден жасыру мақсатында сенімді тұлғаларға ресімдеген», - делінген хабарламада.

Күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Сот санкциясымен олардың құны 170 млн теңге болатын мүлкіне (5 автокөлік және Астанадағы пәтер) тыйым салынды. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның бұрынғы басқарушы директоры халықаралық іздеу жарияланды.

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) іздеу жариялаған қазақстандық кәсіпкер Ерқанат Жұмабеков марқұм Камчыбек Кольбаев басқарған ұйымдасқан қылмыстық топты қаржыландырды деген күдікке ілінген.