Энергетика министрлігі 2025 жылдың тоғыз айындағы мұнай-газ саласындағы бақылау қорытындысын шығарды.
Ведомствоның мәліметінше, Атырау және Қызылорда облыстарындағы мемлекеттік инспекцияның өңіраралық басқармалары 100 тексеру іс-шарасын өткізген.
Олардың қатарында — барып тексерумен 18 профилактикалық бақылау, 30 жоспардан тыс тексеру, келісімшарт талаптарының орындалуын 15 тексеру және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде 37 рұқсат беру тексеруі бар.
Жұмыс қорытындысы бойынша инспекторлар бұзушылықтарды жою туралы 18 нұсқама шығарып, жалпы сомасы 110 млн теңге болатын 80 әкімшілік айыппұл салды. Сонымен қатар, уәкілетті органдар мұнай мен газды ұтымсыз пайдаланғаны үшін 14 млрд теңгеден астам сомадағы залалды өндіріп алды.
Қазіргі уақытта 4 млн теңгеге жуық айыппұл мен 2,4 млрд теңге көлеміндегі залалды өндіріп алу жалғасуда.
Еске сала кетейік, сәуір айында хабарланғандай, Қазақстан экология және табиғи ресурстар министрлігі 2022–2024 жылдары табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін «Теңізшевройл», NCOC, «Каспий Мұнай» және «Маңғыстаумұнайгаз» мұнай өндіруші компанияларына жалпы сомасы 61,1 млрд теңгеден астам айыппұл салған болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции