ШҚО прокуратурасы балабақшада бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.
««Катюша» балабақшасы» КМҚК-да штат кестесі мен банктік шоттарды салыстыру арқылы жүргізілген тексеруде балабақшаның бухгалтері 3 жыл бойы өзіне жалақы мен сыйақы төлемдері бойынша артық сомаларды есептеп келгені анықталды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Айыпталушы өз шоттарына барлығы 12 млн теңгеден астам аударған.
«Осы факт бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді бастады, одан әрі іс жүргізуді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүзеге асырды», - делінген хабарламада.
Тергеу барысында бухгалтер кінәсін мойындап, залалды толық көлемде өтеді.
Нәтижесінде сот оны ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігімен (сеніп тапсырылған мүлікті ірі мөлшерде иемдену және ысырап ету) кінәлі деп тауып, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, 3,6 жыл бас бостандығын шектеуге үкім шығарды.
Сот актісі заңды күшіне енгені хабарланады.
Фонд-бюро расследования коррупции