Skip to main content

105 млн теңгеге сканер сатып алғысы келген Ақмола кітапханасы

Submitted by Вера Александрова on

Ақмола облыстық Жұмабаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы ScanRobot роботтандырылған кітап сканерін 105 млн теңгеге сатып алғысы келді. 

Бұл туралы әлеуметтік желілерде хабарлады Көкшетау қаласындағы «Әділдік жолы» филиалының жетекшісі Ерлаз Жайықбаев

Қоғам белсендісі кітапхана ғимаратын күрделі жөндеуді аяқтауға әлдеқайда аз сома – 89,5 млн теңге бөлінгенін атап өтті. Сонымен қатар, ол ең қарапайым «Планетарлық сканердің» құны 6,9 млн теңге, ал ең «қымбат» – 14,5 млн теңге екенін көрсетті. 

informburo.kz деректері бойынша, өз кезегінде мәдениет басқармасы робот-сканер «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 72 жасқа дейінгі кітаптарды цифрландыру үшін қажет екенін мәлімдеді. Сонымен бірге, облыстық мәслихаттың шешімі негізінде қаражат бюджетке қайтарылғаны хабарланады.

«ScanRobot бірегей техникалық сипаттамаларға ие: сағатына 3 мың бетке дейін цифрландыра алады, әр бетті дәл, тұрақты және максималды ажыратымдылықпен сканерлейді. Сканердің құны әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары негізінде жоспарланған», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, басқармада кітапхананы жөндеу өткен жылы басталғанын және оның құны шамамен 425 млн теңге құрайтынын мәлімдеді.