Technodom сатып алушыға 360 мың теңгеге төленген смартфонды бермеді
Сатып алушы Астананың ауданаралық азаматтық істер жөніндегі сотына «Technodom Operator» АҚ-ға құны 359 901 теңге болатын Samsung Galaxy Z Fold6 смартфонының берілмеуіне байланысты талап қоюмен жүгінді. Талап қоюшы ақысы төленген тауарды беруді, 197 945 теңге мөлшерінде өсімақы өндіруді және 300 мың теңге мөлшерінде моральдық зиянды өтеуді талап етеді.
Фонд-бюро расследования коррупции