Skip to main content

Заңсыз алтын өндіруді ШҚО-да тоқтатты

Submitted by fbrk_news on
Незаконную добычу золота пресекли в ВКО

Шығыс Қазақстан облысында (ШҚО) заңсыз алтын өндіруге жол берілмеді. Тергеу деректері бойынша, бір топ адам Марқакөл ауданындағы Ақбұлақ ауылының маңында тиісті рұқсат құжаттарынсыз жұмыс жүргізген.

НЕ БОЛДЫ

ШҚО бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) департаментімен және мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесіп, тергеу нұсқасы бойынша қажетті рұқсат құжаттарынсыз заңсыз алтын өндіруді жүзеге асырған бір топ адамның қызметіне жол бермеді.

ҚАНДАЙ ЗИЯН АНЫҚТАЛДЫ

Алтын құрамды кенді өндіру және қайта өңдеу нәтижесінде қоршаған ортаға елеулі зиян келтірілген. Топырақтың құнарлы қабаты жойылып, деградацияға ұшырағаны, жергілікті жердің табиғи бедері бұзылғаны, сондай-ақ өзен арнасы өзгертілгені хабарланды.

Сондай-ақ, жұмыстар ауданы 30 га болатын учаскеде ауыр техника және өнеркәсіптік кешендерді пайдалана отырып жүргізілгені хабарланды.

Құқыққа қайшы әрекетке 30-дан астам жұмысшы, оның ішінде ҚХР азаматтары тартылған.

ТІНТУ КЕЗІНДЕ НЕ АЛЫНДЫ

Тінтулер барысында алты 40 тонналық самосвал, төрт шынжыр табанды экскаватор, фронтальды тиегіш, сондай-ақ алтын құрамды кенді өндіру және жууға арналған екі өнеркәсіптік кешен алынды.

Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Источник
пресс-служба Агентства по финансовому мониторингу
Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».