Қазақстандық әнші Рахат Тұрлыханов, балуан әрі депутат Дәулет Тұрлыхановтың жиені, Алматыдағы отбасылық жанжалдан кейін қайтадан дау-дамай ортасында қалды. Полиция оқиғаға қатысушыларды тергеу үшін басқармаға жеткізіп, әртіске қатысты әкімшілік хаттама толтырды.
НЕ БОЛДЫ
«kriminal_kazakhstan» Telegram-арнасының мәліметінше, Рахат Тұрлыханов жұбайына қатысты күш қолданды деген күдікпен полицияға жеткізілген.
Qumash редакциясы Алматы қалалық полиция департаментінен (ПД) түсініктеме сұрады.
Полицияда жанжал қаланың Медеу ауданында болғанын хабарлады. Келіп түскен шақыртудан кейін полиция қызметкерлері оқиға орнына барып, жанжалға қатысушыларды аудандық полиция басқармасына жеткізді.
Полиция мәліметінше, әйел алдымен өзіне қатысты күш қолданылғанын мәлімдеген. Алайда кейін ол ұрып-соғу фактісін жоққа шығарып, тек отбасылық жанжал туралы арыз берген.
Тексеру қорытындысы бойынша ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі («Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
АЛДЫҢҒЫ ЖАНЖАЛДАР
Жарияланымда бұл алғашқы мұндай оқиға емес екені атап өтілген. Бұған дейін Рахат Тұрлыханов осыған ұқсас істер бойынша бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Осындай эпизодтардың бірінде сот әншіге 10 тәулік әкімшілік қамақ тағайындаған болатын. Бұл оқиғадан кейін әртіс бейнеүндеу жазып, кейін оны жойған.
ЗАҢ НЕ КӨЗДЕЙДІ
Заң қайталанған құқық бұзушылық үшін неғұрлым қатаң жазаны көздейді.
Бұл жағдайда нақты қандай шаралар қолданылуы мүмкін екені материалдарда нақтыланбаған.
Фонд-бюро расследования коррупции