В 2025 жылы Қазақстанда құтыру ауруының 3 өліммен аяқталған жағдайы тіркелді. Сонымен қатар, елде жануарлармен байланыста болғаннан кейін медициналық көмекке жүгінушілердің жоғары деңгейі сақталуда.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АХУАЛ ҚАНДАЙ
Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылы Қазақстанда бір жыл бұрынғы нөлдік көрсеткіштен кейін құтыру ауруының 3 өліммен аяқталған жағдайы тіркелді.
2026 жылдың басынан бері халық арасында құтырумен ауырғандар анықталған жоқ.
ҚАНША АДАМ КӨМЕККЕ ЖҮГІНГЕН
Ведомствоның ақпараты бойынша, 2025 жылы жануарлардың тістеуінен, тырнауынан және сілекейінен кейін медициналық көмекке 60 153 адам жүгінді. Барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.
2026 жылдың 1 тоқсанында тағы 14 134 өтініш тіркелді.
ҚҰТЫРУДАН НЕГІЗГІ ҚОРҒАНЫС ДЕП НЕНІ АТАЙДЫ
Министрлік алдын алудың негізгі шарасы жануармен тістелгеннен немесе басқа да қауіпті байланыста болғаннан кейін дереу вакцинациялау екенін еске салды.
Сондай-ақ, тістелген, тырналған немесе сілекей тиген жерді 20% су-сабын ерітіндісімен дереу жуып, тұрғылықты жері бойынша травматологиялық пунктке бару ұсынылады.
Зардап шеккендер үшін вакцинация тегін жүргізіледі.
ДСМ ҰСЫНЫСТАРЫ
Тұрғындарға жабайы жануарлармен байланысқа түспеуге кеңес беріледі, себебі олар әдетте адамнан қашады. Үй жануарларының иелеріне алдын алу екпелерін уақтылы жүргізу ұсынылады.
Олардың мінез-құлқы өзгергенде, басқа жануарлармен байланыста болғаннан кейін жарақат алғанда немесе көрінетін себептерсіз өлген жағдайда ветеринарлық маманға жүгіну қажет.
Фонд-бюро расследования коррупции