Салық қауіпсіздігі жөніндегі сарапшы Дмитрий Казанцев жеке кәсіпкерлер (ЖК) және олардың қызметкерлері үшін ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерін 150 мың теңгеге дейін көтерудің ықтимал салдарын бағалады. Оның айтуынша, өсім ең алдымен шағын бизнеске әсер етеді.
ЕТЖ КӨТЕРУ ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ
Бұған дейін Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Амрин хабарлағандай, ЕТЖ ағымдағы 85 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін ұлғаюы мүмкін. Ведомство оны халықаралық тәжірибеге – медиандық жалақының шамамен 50%-на сүйене отырып көтеруді жоспарлап отыр. Іске асырудың нақты мерзімдері әзірге анықталмаған.
БҰЛ ЖК-ҒА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ
Дмитрий Казанцев Digital Business-ке берген сұхбатында ЕТЖ-ның ұлғаюы салық жүктемесіне тікелей әсер ететінін айтты.

«Қазақстанда екі миллионға жуық жеке кәсіпкер бар екенінен бастайық. Бұрын олар 85 мың теңге ең төменгі жалақыдан салық төлеуге құқылы болса, енді өзі үшін де, қызметкерлері үшін де 150 мың теңгеден төлейтін болады. Жасырмай айтайық, ЖК-дегі жұмысшылардың көпшілігі «ең төменгі жалақыны» көрсетеді», — деді Казанцев.
ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ НАҚТЫ КІРІСТЕРІ ӨЗГЕРЕ МЕ
Дегенмен сарапшы ЕТЖ-ның өсуі жұмысшылардың көпшілігінің «қолдағы» жалақысының ұлғаюына міндетті түрде әкеп соқпайды деп есептейді.
Дмитрий Казанцевтің сөзінше, өсімді негізінен ең төменгі жалақыны алып жүргендер, атап айтқанда бюджет саласы қызметкерлері сезінеді. Қалған жұмысшылар үшін өзгерістер міндетті төлемдердің өсуімен шектелуі мүмкін.
САЛЫҚ ЖҮКТЕМЕСІ ЖӘНЕ РЕФОРМА БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР
Дмитрий Казанцев шағын бизнеске жиынтық жүктеме 42–45% жететінін, ал мұндай жағдайда жалақыны «ақпарттау» шаралары, оның пікірінше, тиімділігін жоғалтатынын атап өтті.
Осыған орай ол депутат Айтуар Қошмамбетовтің қолданыстағы төлем жүйесін алмастыра алатын шамамен 22% мөлшеріндегі бірыңғай төлемді енгізу туралы бастамасын қолдайды.
Фонд-бюро расследования коррупции