85 үй Қарағанды облысы, Сарань қаласында жылытусыз қалып отыр. Жергілікті билік жаңа жылу орталығын іске қоса алмады.
Қала әкімі Еркін Баулыков Instagram-парақшасында мәлімдегендей қала уақытша ескі жергілікті қазандықтарға қайта оралады. Биыл орталық қазандыққа қосылған тұрғындарға электр энергиясы үшін қайта есеп жүргізілетіні уәде етілді.
Әкім тұрғындардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады, алайда жылусыз қалған қала тұрғындары әлеуметтік желілерде жергілікті билікті сынауды жалғастыруда.
«Мына ұрандар мен шыдауға шақырулар жалықтырды. Барлығы уақытында істелуі керек еді, қыркүйек айында жылу маусымы қарсаңында емес. Олар қыркүйекте батпақ арқылы құбырлар тартты, бұл жерде не айтуға болады», - деп жазады жергілікті тұрғындар әкімнің постының астында.
Синоптиктердің мәліметінше, 14 қазанға қараған түні Сарань қаласында -5°С болды.
Айта кетейік, Сарань әкімі қыркүйек айында-ақ термометр бағанасы +10°С-қа төмендеген бойда қалада жылу беріле бастайтынын жазған болатын.
«Құрметті Сарань қаласының тұрғындары, сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +10 °С және одан төмен бес тәулік бойы тұрақтаған кезде жылу маусымы басталатынын хабарлаймыз», - делінген сол хабарламада.
Фонд-бюро расследования коррупции