Жетісу облысы Жаркент гарнизонының әскери бөлімінде офицер қаза тапты.
«14 қарашада диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс сабақтар өткізу барысында қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан Жаркент гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінің офицері өмірмен сыйыспайтын жарақат алды», – деп хабарлайды Informburo.kz ҚР Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.
«Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы қаза тапқанның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі», – делінген хабарламада.
Еске салайық, армиядағы қайғылы оқиғалар жиілегеніне байланысты қазақстандықтар міндетті әскери қызметті жою туралы петиция жасады. Авторлардың пікірінше, Қазақстанда мерзімді қызметті жою бейбіт уақытта әскери қызметшілердің көптеген өліміне байланысты өзекті болып отыр. Тек қыркүйек айында біз осындай бес оқиға туралы жазған болатынбыз.
7 қыркүйекте Ақтау әскери бөлімінде басқа атылған оқ салдарынан мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты. 13 қыркүйекте Алматы қаласындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтында сержант өз-өзіне қол жұмсады. 16 қыркүйекте Арыста әскери бөлімдердің бірінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі травматикалық қарудан басынан жарақат алды.
19 қыркүйекте Аягөз гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінің офицері асылып өз-өзіне қол жұмсады. 30 қыркүйекте Ақтау гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің келісімшарт қызметкері тұратын пәтерінде өз-өзіне қол жұмсады.
Сонымен қатар, ФБРК редакциясы соңғы жылдары «Отан алдындағы борышын өтеп» қанша адам қаза тапқанын анықтауға тырысты. Біз қорғаныс министрлігіне ҚР Қарулы Күштеріндегі өлім саны туралы мәліметтерді беру туралы ресми сұрау жібердік. Ведомствоның жауабымен сілтеме арқылы танысуға болады.
Фонд-бюро расследования коррупции