«Жетысу» футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөнсебаевты құқық қорғау органдары ұстады.

«Қазинформ» ХАА мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлағандай, ол екі айға қамаққа алынды.
«Сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ны 2 ай мерзімге қамауда ұстауға санкция беру туралы өтінішхаты қанағаттандырылды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.
Дөнсебаевтың ұсталу себептері туралы хабарланбайды.
Фонд-бюро расследования коррупции